1Кездесулер тарихынан
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

  КЕЗДЕСУЛЕР ТАРИХЫНАН 

Кесене қалай салынды ?

   «Бәйтерек-Келдібек» кесенесі 2002 жылы Алматы – Ташкент күрежолының бойында, Шымкенттен 70 шақырымдай жерде, Кезеңбұлақ ауылының шығыс жағында бой көтерген. Биіктігі 32 метр. Құрылыстың жалпы құны сол кездегі бағаммен 5 млн 250 мың теңгеге түскен. Аумағы 13 гектар.

   Кесене салу идеясын ең алғаш көтерген көрнекті қаламгер Қалаубек Тұрсынқұлов. Жер мәселесінің шешілуіне де сол кісі атсалысқан (марқұм қайтыс болған соң кесене жанына жерленді). Кесене құрылысына сол кезедегі Қазығұрт ауданының басшысы Тіллабек Мұсабаев көп көмек қолын созды.

  Кесене құрылысына сондай-ақ Алматы облысы Шелек ауданының әкімі Елеусіз Сұлтанғазиев, Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі Ералы Дадабаев, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі Тілләбек Мұсабаев, генерал Бексұлтан Сәрсеков, Сарыағаш аудандық банкісінің төрағасы Т.Османов, Бостандық ауданы (Өзбекстан) мрамор зауытының директоры Ағабек Сүлейменов, зейнеткер Лесбек Бекжанов, Қазығұрт ауданының жобалаушы-құрылысшы О.Райымбеков, полиция полковнигі Д.Шалаев, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Айдапкелов, Сарыағаш базар шаруашылығының директоры Ә.Қарабеков, шаруашылық директоры Т.Мыңбасов тікелей қол ұшын берді.