Ардақ тұтар ағалар
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

  Ардақ тұтар ағалар  

  Жүнісбай Қайыпов

            Жүнісбай Қайыпов 1907 жылы Алматы облысы Шелек ауданында туған. Қара Қаңлы руынан шыққан. 1944 жылы ақпан айында қаза тапқан. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін 1944 жылы 1-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы берілген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Бас командование резервіндегі 54-жеңіл артиллерия полкінің құрамында Ленинград қорғанысына, Новгородты азат ету ұрыстарына қатысты. Танкіге қарсы зеңбірек командирі болған. Жүнісбай Қайыпов асқан мергендігімен көзге түсіп, ұрыс кезінде сан рет ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Новгород үшін болған ұрыстағы асқан ерлігі үшін старшина Қайыповқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Батырдың сүйегі Новгород облысының Батецкое селосына жерленіп, қабіріне ескерткіш және мемориалдық тақта орнатылды. Селоның бір көшесіне батыр аты берілді.