Басты бет
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

Қаңлы Қараш биге – құрмет

 4-маусым күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округінде Қаңлы Қараш бидің 190 жылдығына арналған салтанат пен Ас беру шарасы өткізілді. Салтанатқа Қазақстанның көп-теген облыстарының өкіл¬дері, сондай-ақ Өзбекстан, Қыр¬ғыз¬стан, Түркия елдерінен келген қонақтар қатысты.
     Алматы – Нарынқол тас жолының бойында Тескенсу ауылының шығыс жағындағы 2 шақырым жерде «Қаңлы Қараш би» меммориалдық кесенесі маңында жұмыртқадай ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, сахна орнатылыпты. Кесененің солтүстік батысы ат спорты ойындары өткізілетін орын ретінде белгіленілген. Салта¬натқа үш мыңдай адам қатысты. Жиын Қаңлы Қараш би баба аруағына бағыштап Құран оқудан басталды. Бұдан соң Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрының әртістері әзірлеген «Сарбұқа мен Шадай» атты сахналық көрініс тамашаланды.

Толығырақ... 

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының мазмұны — азаттық үшін күреске сайып келеді. Елдік пен бостан­дық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі Желтоқсанға дейінгі санғасырлық шежіресібар.

 

Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

 

ҰСЫНЫС

 Қырғыз Республикасы ежелгі үйсін мемлекетінің мұрагері ретінде өз мемлекеттігінің 2200 жылдық тойын ЮНЕСКО қаулысымен атап өткен. Өзбекстан өз мемлекеттігінің іргетасы бұдан 2700 жыл бұрын қаланған деп есептейді. Ертедегі Хорезм мемлекеті қазіргі Қызылорда облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының бір бөлігін қамтитынын, әрі оның халқының құрамындағы ірі тайпалардың бірі қаңлылар екендігін ескерсек, этностық және аумақтық қағидаларға сәйкес халықаралық құқық бойынша қазақ  халқы өз мемлекеттігінің  2800 жылдығын атап өтуге құқылы.

 

Асқар АБДУАЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы,
Бақтияр ӘБДІЛДӘҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
(2009 ж.)

Қаңлы мемлекеті –

Қазақ мемлекеттілігінің негізі 

   Б.з.д. III ғасырдың басында Қаңлылардың саны 120 000 түтін, 600 000 адам, 120 000 садақ атушы әскері болған деп жазады (“Повествовании о западном крае”, “Истории старшего дома Хань”) қараңыз. Ал Чжан Цяньның жазуы бойынша б.з.д. II ғасырдың басында Қаңлы мемлекетінің әскері 90 000 адамды құраған. Яғни соғысқа жарамды еркектер халықтың 20 пайызын құраса, онда Қаңлы халқының саны 400 000 адамға жетеді деп есеп берген. Бұл сан сол кездегі жағдаймен салыстырғанда аз емес. Қаңлылардың саны сол Кир дәуірі заманындағы парсылардың санымен бірдей болған. Ал гректерден екі есе көп болған екен.

 

Толығырақ...

СӨГҮТТЕГІ ИОРУК МЕРЕКЕСІ

Жыл  сайын қыркүйек айының  екінші аптасының соңында Түркияның  Ескишеһир қаласының маңындағы Сөгүт қалашығында Иорүк мерекесі өтеді. Ол Орталық Азиядан шыққан Қайы Қаңлы тайпасының бір бөлегінің Анадолы жеріне табан тіреуінен басталады екен. Бұл әрі олардың көсемі Ертұғрыл Ғазиді еске  алуға арналған шара. 2011 жылы қыркүйек айының ортасында қазақ зиялыларының бір тобы арнайы шақырумен Сөгүтте болып қайтқан болатын. Осы оқиғаға орай  журналист Марат Тоқашбаевтың  жазбасы сайт оқырмандарына ұсынылады.

Толығырақ...

Бірегейлену жолымен — бірігуге !

Құрметті ағайындар! Құрметті туыстар!

Қалың жұртшылыққа мәлім, Қазақстан тәуелсіздігінің 23 жылы ішінде осы мемлекеттің құдай берген құрылтайшылық құқығына ие қазақ халқы өзін өзі танумен айналысып келеді. Рулық, тайпалық  психология мен сана  біртіндеп ұлттық  психология мен ұлттық санаға  айналуы  өте-мөте маңызды. Қызыл империя билігінің жетпіс жылы ішінде  ұлттық менталитетінің  шежірелік сипатынан  ажырап қала жаздаған  халық бүгінгі   мемлекет саясатын  қолдай отырып,  дәл қазір  өткеніне алаңдайды, ата бабаларының  ұмыт болған аты-жөнін жадында жаңғыртқысы келеді. Сондықтан қазақ халқы үшін  бүгін  «Бірегейлену жолымен —  бірігуге!» ұраны, яғни ру-тайпалардың идиентификациялануы өте маңызды. Өйткені шежіре тарихтарымызды ретке келтіріп алмасақ, ол енді бір  20-30 жылда мүлде жоғалуы  ықтимал. Бірігуіміз үшін де өткенімізді білуіміз керек.

Осыдан жарты жыл бұрын  Алматы қаласы мен Алматы облысында тұратын қаңлы тайпасы  өкілдерінің басын құрайтын заңды тұлға «Бәйтерек-Келдібек» қоғамдық қоры дүниеге келді. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқын  қырық бес тайпа құрайтын болса солардың бірі – ҚАҢЛЫ тайпасы. 5 мың жылға жуық  тарихы бар,   қазақ халқын құрасқан көне де қастерлі Қаңлы тайпасының тарихымыздағы орны айырықша. Тарих — әділеттілікті ғана қалайды. Жаңадан құрылған Қор қаңлы тайпасының өткені  мен шежіресін зерттеу арқылы қазақ халқының  тарихын  мен шежіресін толықтыруды көздейді.      

          Қазақ тұрмысының көрнекті зерттеушісі М.Тынышбаев келтірген деректерге қарағанда 1917 жылы Сырдария өңірінде 160 мың түтін, Әулие Ата маңында 20 мың түтін, Жетісуда  10 мың түтін қаңлы болған екен. Бұл ұзын саны бір миллиондай адам деген сөз. Алайда 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс,  1921 жылғы, 1929-1932 жылдардағы ашаршылық,  1937 жылғы саяси қуғын сүргін,  1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы бәрін қосқанда 4 миллиондай қазақты құрбан етсе,  бұл нәубеттер жарты миллионнан астам қаңлының  көзін жойды. Тарихымызда да ақтаңдақтар көп. Ғалымдардың да, зерттеушілердің де  міндеті сол ақтаңдақтарды жойып, ақиқатты қалпына келтіру. 

    2009 жылы 6-маусымда Қор тарапынан  Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт  жерінде қаңлы әруақтарына арнап Ас берілді. Алда атқарылар шаруа шаш етектен.  Біз Сізді осы мақсатта қор жұмысына жәрдем береді деген үміттеміз. Тарихшылардың дәлелдеуінше қазақ тарихы қаңлы тарихынан бастау алады. Қор тарихшылардың, зерттеушілердің, бұқара қауымның назарын осы мәселеге аударғанды жөн көреді.

     Қордың ашылған жаңа сайты мүбәрәк болсын!

    Біздің тарихымыз – ортақ, Әнұранымыз – ортақ,

    Елтаңбамыз – ортақ, көгілдір байрағымыз – ортақ.

    Біз әрқашан да біргеміз!

Хат жазыңдар, хабарласыңдар!

     Интернеттегі бірқатар сайттарға жазылған хаттарда қаңлы тайпасының  қазақ тарихындағы орны мен рөлі, шежірелік мәселелер,  өздерінің ата-тектерінің жеті атаға толған толмағандығын білу, ары қарай қыз алысудың мүмкіндіктері мен шектеулері туралы  сұрақтар жиі кездеседі. Осындай көкейде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алу үшін  Kangly.kz сайтына тіркеліп, хат жазыңыздар! Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Бәйтерек-Келдібек» қоғамдық қоры туралы»

      «Бәйтерек-Келдібек» қоғамдық қоры (ары қарай – Қор) 2008 жылы құрылған. Ол Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында тұратын, Қор жарғысын мойындайтын, қаңлы тайпасы өкілдеріне өз тарихын таныстыруды, туған жер тарихын аңдатуды көздейді.

 Қор төрағасы – Елеусіз Сұлтанғазиев.

Қор төрағасының орынбасарлары: Сәуірбек Рузидинов, 

                                                      Нұрсұлтан Сәрсеков.

Атқарушы директоры – Өмірхан Әбдіхалықов.

Үйлестірушісі  – Марат Тоқашбаев