Қор туралы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

Қор туралы

       «Бәйтерек-Келдібек» Қоғамдық қоры заңды тұлға болып табылады. Қор 2008 жылы 18-қыркүйекте Алматы қаласында құрылған. 2008 жылы 08-қазанда Алматы қалалық Әділет департаментінде №94482 -1910 Қ-Р нөмірмен ресми тіркеуден өткен. Құрылтайшылары –Алматы қаласы мен Алматы облысының Е.Сұлтанғазиев, Ж.Мамутов, Н.Сәрсеков, С.Рузиддинов, Т.Айтбай, Б.Тасболатова, Д.Тұрлыбек, Қ.Тұрсынқұлов, Ә.Қайдар сияқты тоғыз азаматы. Қор қайырымдылық, әлеуметтік, ғылым, білім беру, мәдениет және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттар үшін коммерциалық емес ұйым ретінде құрылған. Құрылтайшылар Қордың мүлкіне мүліктік құқықты иеленбейді. Құрылтайшылардың Қорға берген мүлкі (қаражаты) Қордың меншігі болып табылады. Қор қаражаты қайрымдылық және гуманитарлық көмек түрінде берілген материалдық қаражаттардан, сондай-ақ Қор жарғысына сәйкес кәсіпкерлік қызмет, және өзінің міндеттерін орындау нәтижесінде түскен қаражаттардан құралады. Жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалар есепшотына қаражат аудару арқылы Қор жұмысына жәрдемдесе алады. Ерікті мүліктік (ақшалай) жарналар мен қайырымдылық көмектер де осы қорда жинақталады. Жарналарды енгізудің мөлшері, тәртібі мен мерзімі Құрылтайшылардың келісімі бойынша анықталады. (Жарна мөлшері 2014 жылга 15 000 (он бес мың) теңге болып белгіленілді).

Қордың басқарушы жоғарғы органы – Құрылтайшылардың жалпы жиналысы. Басқарудың тұрақты әрекет ететін органы – Қамқоршылық Кеңесі. Атқарушы орган – Президент. Бақылаушы орган Тексеру комиссиясы.

Қордың орналасқан жері – 050012. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 101.

Қор мақсаты

Қордың мақсаты:

– тарихи мәдени және гуманитарлық тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізу;

– Тарихи ғылыми тақырыптарда конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық кештер ұйымдастыру;

– Тағылымды тұлғалардың тарихи танымдық шежіресін түзу;

– баспа ісін ұйымдастыру;

– ақпараттық-танымдық электрондық сайт ашу;

– ақпарат құралдарын жұмылдыра отырып, қазақ халқының тарихына байланысты кең көлемде ағартушылық, насихаттық  жұмыстар жүргізу;

– мемлекеттік органдармен байланыс орнату;

– қазақ халқының тарихына, шежіресіне қатысты қоғамдық қорлармен, халықаралық ұйымдармен байланыс орнату;

– Қор жұмысына қатысты жобалар мен бағдарламалар жасау;

– Қор Жарғысына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР заңнамаларына сәйкес келісім шарттар жасау.