Тұлғалардан тағылым
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

ТҰЛҒАЛАРДАН ТАҒЫЛЫМ 

Мақтан етер бабалар

 Әмин Мәлік (І ғасырдағы қаңлылардың билеушісі)

Томирис (Тұмар ханым)

Байтұяқ батыр – көне Тараз қаласының қолбасшысы  б.з.б. 85-77 жж – б.з. І ғ. 38 ж       

Қорқыт Ата – шамамен ҮШ ғасырда өмір сүрген, атақты ақын, асқан күйші. Қайы қаңлының Қайыспас атасынан тарайды. Есімі түркі, оғыз халықтарының арасына кеңінен танымал. 95 жас жасаған, қобыз тартып өліммен күрескен. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында мазар ескерткіші бар.   

Әбунасыр әл-Фараби  (870 -950жж) – Аристотелден кейінгі дүниежүзілік білім мәдениеттің екінші ұстазы. философ, данышпан, энциклопедист ғалым, Отырар қаласында туған.

Бержақ батыр  (кейдеБекжак дейді) – 20 мыңдық қол бастаған қолбасшы, батыр.

Қожа Ахмет Иасауи – (1103 – 1228 жж) тарихи тұлға, сопылық ілім негізін қалаушылардың бірі, философ.  Сайрамда туып, Яссыда (Түркістанда) дүние салған.       

Сүлеймен шаһ (Қайы қаңлы, Ертоғрыл ғазидың әкесі, Османлы империясының негізін қалаушы Оспан (Осман) ғазидің атасы)

Асан Қайғы Сәбитұлы – ХҮ-ХҮІ ғасырлар межесінде өмір сүрген философ данышпан, ақын. Қазан ханы  Ұлық Мұхаммедтің ақылшысы, кейін Әз Жәнібек ордасында хан кеңесшісі болған. Желмаясымен желіп жүріп бүкіл қазақ жерінен қонысқа құтты мекен іздеген. Күмбезі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қазақстан теміржолының 2-разьезінде. Ғалым Толысбай Кенжалының көрсетуінше руы – Қаңлы. («Асан Қайғы», монография, «Дайк пресс» баспасы, 2006 ж. 9-б)

Жамал Қарши – көрнекті тарихшы, Өз заманындағы оқиғалар туралы көптеген еңбектер жазған. Әсіресе түркі тілі жөніндегі ғылыми еңбектері аса құнды.

Мұхаммед ибн Қайыс – «Қаңлы тілінің сөздігін» жазған ғалым.  ХІІ ғасыр.

Қайыр хан (кейде Иналшық хан дейді) – Отырар қаласының ханы.  1219 жылы Шыңғыс хан әскеріне қарсы алты ай қорғанысты басқарған.

Түркен хатун – Қаңлының Алып Қара Ұран, Қырат атты ханының қызы, шын аты Ұлжатай, Хорезм шахтың анасы. Өте ақылды, саясаткер әйел болған. Мемлекеттік істерге араласқан.  

Тоғрыл ханАлмалықтың ханы, баласы Сунақ тегін Жошы ханның қызы Болған бикеге үйленген, Арқада Болған Ана бейіті әлі күнге сақталған.

Қаңға баба – қаңлылар құрып билеген Хорезм мемлекетінің батыс шебін ұстаған батыр, ислам дінін таратушы. Тарихи ескерткіш орны Маңғыстау облысы Түрқараған ауданы аумағында.

Шелек батыр Баубекұлы – Жетісу жерін қалмақ басқыншыларынан толықтай тазартуға атсалысқан, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында өмір сүрген, Шелектің қыстауы тұрған жер қазір Шелек селосы аталады.  

Қаңлы Жүсіп  (1873 -1923жж) – суырып салма айтыс ақыны, Сыр бойында өмір сүрген. «Мәрді салық», «Мағпура қыз», «Жүкті қыз» т.б. ондаған қисса, дастан жазған, жазбаша жұмбақ айтысты дамытқан.

Қаңлы Әлімқұл төре – ХІХ ғ. генерал Черняев Петерборға, Польша жеріне айдаған. 

Садық Аманжолов – (1885 – 1941жж) Алашорда үкіметінің Жетісу облысынан сайланған мүшесі. 1912 жылы Қазан қаласындағы императорлық  университеттің  заң факультетін бітірген. Әлихан Бөкейханов,  Ахмет Байтұрсынов, Отыншы Әлжанов сияқты қайраткерлермен бірге ұлт азаттығы үшін күрескен.