Тарихтан деректер
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

  ТҰЛҒАЛАРДАН ТАҒЫЛЫМ 

 

 

 

Қаңлы ескерткіштері

   Қаңлы ескерткіштері – ежелгі қаңлы (кангюй) тайпалары билік етқен өңірлерде сақталған археологиялық ескерткіштер кешені. Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін қауыншы мәдениеті, Отырар-Қаратау мәдениеті, жетіасар мәдениетінен көруге болады. Қаңлы ескерткіштері Сырдария сағасына Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. 1958 - 1963 жылдары Шардара археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Т. Максимова) Оңтүстік Қазақстаннан қауыншы мәдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты.

   Біршама толық зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы Ақтөбе-2 қонысы. Мұнда жобасы тікбұрышты, аумағы 28x18,5 м сарай аршылды. Сарай айшық (крест) іспеттес етіп салынған бес үйден, кірмелік кешені мен құрылыста батыс-шығысынан орап жатқан екі дәлізден тұратыны анықталды. Ортасында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа үй-жайлармен доғалап иіп салған арқа өткелдермен жалғасқан. Зал қабырғаларының биікт. 6 м-ге жетелі, еденнің ортасында құдық бар. Қоныстан құмыра, саптыаяқ, таба, құм, құмған, көзе, жебе ұштары, алтын сырға, пышақ, сүйек айылбас, қола сақина, т.б. заттар табылып, олар біздің заманымызда 1 - 4 ғасырларына жатқызылады.

    Қаңлылар кезінде Шәушіқұмтөбе ( 1 - 8 ғасырлар), Сейіттөбе (1 - 12 ғасырлар), Сүткент Байырқұм (1 - 8 ғасырлар) секілді қалашықтар салынды. Мұндай мекенжайлар маңында обалы қорымдар бар. Шардара археологиялық экспедиция 1959 - 1963 жылдары Ақтөбе, 1963 жылы Жамантоғай, 1958 - 1963 жылдары Шәушіқұм, 1960 жылы Төребайтұмсық қорымдарында қазба жұмыстарын жүргізген.

    Мәйіттер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Еркектер қабірлерінен қару-жарақтар, әйелдер қабірлерінен түрлі әшекей заттар шыққан. Қаңлылар зиратты лақат жасап және жай шұңғырларға Қаңлы қыш ыдыстары. Біздің заманымыздағы 1 -4 ғасырлар Оңтүстік Қазақстан жерлеп, үстіне оба үйген, сағана салған. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған қыш ыдыстар бірге қойылған. Отырар алқабында Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер көп шоғырланған.

    Арыс өзенінің сол жағалауындағы Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты 20 шақты қалашықтар негізі осы қаңлылар кезінде қаланған. Олардың көбін 1969 - 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) қазба жұмыстарын жүргізген. Мұнда, негізінен, 6 - 7 ғасырларға жататын 10 махалла қазылды. Бір бөлмелі үйлер, іргесі жартылай жер астынан басталады. Үй есіктері бұрыштарға жақын салынған. Есікке қарама-қарсы, бөлме ортасына таяу жер ошақ бар. Шаруашылыққа қажетті түрлі ыдыстар, заттар қазып алынған.

    Көкмардан, Пұшық-Мардан, Қостөбе, т.б. қалашықтарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстанның ежелгі қалаларын сонау қаңлылар дәуіріне барып тірелетінін көрсетеді. Қалалар маңындағы Көкмардан, Қыркескен, Мардан, т.б. қорымдарында 1971 - 1976 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедицияның (жетекші Б.Нұрмұханбетов) қазба жұмыстарын жүргізген. Жетіасар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кезеңдегі қала орындары біртектес. Құрылыс салуға көлемі үлкен шикі кірпіш (өлшемі 60х30х10; 40х25х10), күйдірілген кесектер пайдаланылған. Ескі үй қабырғасының ортасынан немесе шетінен шығарылған. Қалалар мен обалардан Жетіасар мәдениетіне жататын түрлі бүйымдар табылды.

    Археологиялық жұмыстар барысында алынған әшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқанын және ірі мемлекеттермен саяси, экономикалық, мәдени байланыста болғанын дәлелдейді.