Тарихтан деректер
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

  Тарихтан деректер 

Жетісудың Шыңғыс ханға бағынуы

      Қазақ халқы ХП ғасырдың басында Шыңғыс хан қолының шапқыншылығына ұшырады. Керей, найман, меркіт, қаңлы тайпаларының шапқыншылыққа қарсы жиырма жылдық күресі сәтсіз аяқталды. Шыңғыс хан әскері олардың бытыраңқылығын, өзара алауыздықтарын ұтымды пйдаланып, әрқайсысын жеке жеке бағындырды. 1218-1219 жылдары Шыңғыс ханның батысқа қарай аттанған әскері найман Күшілік ханды жеңді.

      Ары қарай Жетісу жеріне бас салды. Күш тең емес еді. Балқаш көлінің шығысындағы Қиялық шаһарын билеген Қарлық Арслан хан, Іле алқабындағы Алмалық қаласын билеген қаңлылардың ұлыс бегі Озық Тұғрыл, оның баласы Сунақ тегін, дулат тайпасының басшысы Ортобелер Шыңғыс ханға өз еріктерімен бағынды. 1219-1921 жылдары Шыңғыс хан қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерлерін түгел бағындырды. Бұл елдерді ұлыстарға бөлді де ұлдарына еншілеп бөліп берді. Ертіс пен Еділ өзендерінің арасындағы ұлан байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпалары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Жетісуды мекендеген қазақ тайпалары Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың үлесіне тиді. Бірақ бұл бағыну тек алым салық жинау, әскер алу көлемінде ғана болды. Бұл екі ұлысқа қараған қазақ тайпалары өріс қоныстарында бұрынғыдай орналасып отырды.

     Жазушы Эрнест Төреханов «Жалын» журналында жарияланған шағын мақаласында жиһанкез Ескендір Зұлқарнай (Александр Македонский) туралы айта келіп, сол кезде қазақ даласын мекен еткен Массагет, Қаңлы, Үйсін, Парадария сақтарымен үш жыл соғысып, тулақтай да жерге ие бола алмай, ақыры грекше зиялылар деңгейінде сөйлейтін қаңлы патшасы Ақсүйек (грекше – Оксират) Байтақтың қызы Роксанаға шын ғашық болып, тұңғыш рет некелесіп үйленгені жайлы айтады. Сақтарды жеңе алмаған Ескендір бұрын қолданып келген қола қылышын енді сақтардың алмас қылышына алмастырады. Сақтар қолданған құрама садақтың не екенін ұғады.