Замандас
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан Погода в Казахстане


     E-mail адрес: admin@kangly.kz

Замандас

САПАРОВ АБДУЛЛА САПАРұлы

Абдулла Сапарович

      ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

        Сапаров Абдулла Еңбек Қызыл Ту орденді Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры (2003 жылдан), агрохимия — 06.01.04 мамандығы саласындағы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі (2014), ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (2009), Ресей ҒА СБ-нің құрметті докторы (2009), «Топырақтану, агрохимия және экология қоғамының» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2008 ж.); ауыл шаруашылығындағы табиғи рестурстарын үйлестіретін кеңестің төрағасы, (2008-ші ж.б.); «Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертиза Ұлттық орталығы» АҚ «Табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, шикізат және өнімді өңдеу» приоритетінің Ұлттық ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары (2014-2016), «Топырақтану және агрохимия» жұрналының бас редакторы (2007-ші ж.б.), «Жаршы» (2000-ші ж.б.), «Проблемы агрохимии и агроэкологии» (2006-ші ж.б.) Мәскеу, «Земледелие» (2013-ші ж.б.) Мәскеу, «Агралық сектор ҚР ҚҒА хабаршысы» (2015), Омбы мемлекеттік университетінің «Жаршысы» (2016) жұрналдарының редакция коллегиясының мүшесі, «Агрохимэкосодружество» президиумының мүшесі (2006-ші ж.б.) Мәскеу, Турция, Россия, Азербайджан және Казахстан елдерінің халықаралық топырақтану қоғамының тең төрағасы (2010-ші ж.б.), Азербайджан топырақтану қоғамының мүшесі (2012-ші ж. Б.), Евразиялық топырақ әріптестігінің мүшесі (2013-ші ж.б.), ФАО-ның Жаһандық топырақ әріптестігінің мүшесі (2014-ші ж.б.), ИКАРДА орталығының (Қазақстан атынан) халықаралық жобаның (2000-ші ж.б.) және ИСЦАУЗР жобасының II фазасының (2010-ші ж.б.) ұлттық үйлестірушісі, ИКАРДА-ның басқару комитетінің мүшесі (2014-ші ж.б.), 2010-ші жылдан бері Орталық Азияның (Алматы) құрғақ жерлеріндегі экожүйеге климаттың өзгеруінің әсерін зерттеу атты Қазақстан-Қытай халықаралық жобасының тең жетекшісі, 2015-ші жылдан бері Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры, 2015-ші жылдан бері «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциалық емес қоғамының ҒТК-нің мүшесі (2016).

     Сапаров Абдулланың кәсіби қызметінің бағыты: топырақтану, агрохимия, экология, егіншілік, өсімдік шаруашылығы салалары. Ғылыми кәсібінің бағыты: топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын зерттеу, минералды қоректік заттарды (тыңайтқыштарды) оңтайлау, топырақтың құнарлылығын сақтау, оны жоғарлату және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру.
Сапаров Абдулла 1949 жылы 21 мамырда Қазақ ССР-нің Шымкент облысы, Ленин (қазіргі Қазығұрт) ауданының Қызыл-таң колхозында шаруа отбасында дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі жоғары. Ол 1966 жылы Өзбек ССР-нің Ташкент облысындағы Шыршық қаласының М.Әуезов атындағы №17-ші орта мектебін бітірді. Еңбек жолын Шыршық трансформаторлық зауытында токарь оқушысынан бастап, инструментальды цехында слесарь, содан кейін Қызыл-таң колхозында бақшы болып жұмыс істеді.
Абдулла 1967 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агрохимия және топырақтану факультетіне түсіп, оны 1972 жылы бітірді. Институтты бітірген соң Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа жіберілді. Онда жұмысты кіші ғылыми қызметкерден бастап, аға ғылыми қызметкер, зертхана және агрохимия бөлімінің меңгерушісі, Институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды (1972-1994).
 Сапаров Абдулла өзінің ғылыми қызметінде тау бөктеріндегі суармалы жердегі қара-қызғылт топырақтарындағы фосфорлық тыңайтқыштардың айналымы және минералды құнарлы жағдайға байланысты ауыспалы егістегі өсімдіктер мен жердегі минералды құнарлы элементтердің өзгеру заңдылықтарын меңгерді және оңтайлы параметрін, сондай-ақ диагностикалық көрсеткіштер мен олардың тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтады, картоп және көкөніс дақылдарының бағдарламаланған өнімдерін алуды қамтамасыз ететін математикалық моделдерін әзірледі.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайындағы ауыспалы егістегі көкөністің өнімділігі мен қара-қызғылт топырақтың құнарлығының өзгеру заңдылықтарын анықтады және тыңайтқышты ендіру, жерді суару, топырақты өңдеу жүйесін меңгеру бойынша көп факторлы тәжірибені орындаушылардың бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылық дақылдардың тыңайтқышқа сұранысын және олардың диагностикалық көрсеткіштерін анықтады. 1985-1990 жылдардағы республиканың ауыл шаруашылығына қажетті минералдық және органикалық тыңайтқыштарының нормативін ұсынды. Агрохимия бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отыра жер мен минералды тыңайтқыштардың ауыл шаруашылық дақылдарындағы құнарлы заттарды пайдалану коэффициенті және олардың шығын болу көрсеткіштерінің минералды және органикалық тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығына қажеттілігін анықтау үшін қажетті нормативті құжаттары жасады.
Осы жұмыстардың және ізденулердің негізінде ол «Қазақстанның Оңтүстік шығысындағы қара-қызғылт топырақтағы көкөніс дақылдарының өнімділігіне фосфор тыңайтқыштарының күрделі және концентратты түрінің тиімділігі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация (1985, Мәскеуде) және осы мамандық бойынша «Қазақстанның Оңтүстік шығысындағы тау бөктеріндегі суармалы қара-қызғылт топырақтарындағы көкөніс дақылдары мен картоптың азот пен фосфор қорегін оңтайландыру» атты тақырыпта докторлық диссертация (1997, Алматыда) қорғады. 1990 жылы оған 06.01.04 – агрохимия мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер, ал 1998) жылы, 06.01.00 – агрономия мамандығы бойынша профессор атақтары берілді.
А. Сапаровтың жеке тұлғасының, ғалым және басшы болып қалыптасуына көрнекті ғалымдар мен академиктер Р.Е.Елешев, М.К.Сүлейменов, А.А.Сатыбалдин, В.Г.Минеев, Ж.У.Аханов, Л.Г. Бобров, Ф.В.Янишевский, Н.К.Болдырев, Б.С.Басыбеков, М.М.Мамышов, А.А. Рахымжанова сияқты және Қазақ топырақтану және агрохимия, көкөніс және картоп шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары үлкен әсер етті.
1994-1996 жылдары Алматы қаласындағы «Көріктендіру» ПСО, оның қарамағындағы «Көгалдандыру» АҚ-ның ашық және жабық алаңдарындағы учаскенің басқару басқармасында қызмет атқарды. Басқарушы қызметін атқара отырып, ашық және жабық алаңдар жағдайындағы картоп пен көкөніс дақылдарының өнімдерін жоспарлы өсіру және оны жыл бойы жасыл конвейерде прогрессивті жолмен алу әдістерін енгізді. Ашық алаңда жылына екі немесе үш көкөніс дақылдарының (қияр, сәбіз, шомыр және раушангүлдің көшетін т.б.) өнімдерін өсіру мүмкіндіктерін дәлелдеді. Ағаш пен гүлді дақылдардың қалыптасқан өсіру технологияларын жетілдіре отырып, Алматы қаласындағы саябақтар мен парктерді безендіру мен көгалдандыруға үлкен үлес қосты.

           1996-1997 жылдары Еңбек Қызыл Ту орденді Ө.О.Оспанов атындағы топырақтану ҒЗИ-да топырақ процестерін моделдеу бөдімінде аға ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарды. Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында тау бөктеріндегі топырақты өңдемей (нольдік өңдеу) тәлімі жерге дәнді дақылдарды егудің мүмкіндігін және оның топырақ құнарлығына әсерін зерттеді. Құрғақшылық жылдары топырақты өңдемей еккен астықтың өнімі тиімді болатынын анықтады.
1998 жылдан 2002 жылдар аралығында аграрлық зерттеулердің Ұлттық академиялық орталығында (НАЦАИ) — ғылыми хатшы-кеңесші, содан кейін су және орман шаруашылығы, агрохимия, топырақтану бөлімінің академик-хатшысы болып қызмет атқарды. Республикадағы агроэкология және су және орман шаруашылығы, агрохимия, топырақтану саласында ғылыми бағдарламаны қамтамасыз етуді орындау мен ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірді. Орындалған жұмыстар нәтижесі бойынша жоғары ұйымдарға оларды іске асыруға ұсыныстар дайындады.
А.Сапаровтың басқаруымен «Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер құнарлығын қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу туралы», «Ауыл шаруашылық мақсатындағы топырақты тиімді пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын химияландыру» және «Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштарды өндірісте қолдану Тұжырымдамасын» дайындады және Республикада минералды және органикалық тыңайтқыштардың ауыл шаруашылық дақылдарына қажеттігін ұсынды. Оның басшылығымен республикадағы агрохимиялық қызметтің Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығындағы елімізді агрохимиялық қызметпен қамтамасыз ету Орталығының бұрынғы Оңтүстік Шығысындағы филиалының қайта жандандыру туралы ұсынысты дайындады.
2002-2003 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (ҚазҰАУ) – жоғарғы санаттағы әдіскер, ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің бастығы қызметін атқарды және бүгінгі күні агрохимия және топырақтану кафедрасының профессоры. ҚазҰАУ-да қызмет атқара, университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды үйлестірді, қазіргі таңда агрохимия және топырақтану кафедрасында тыңайтқыштарды пайдалану жүйесі бойынша дәріс оқиды және студенттер, магистранттар мен phD докторантарына курстық және дипломдық жұмыстарына жетекшілік етеді.
2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін Сапаров Абдулла Ө.О.Оспанов атындағы Қазақтың топырақтану және агрохимия ҒЗИ-ның бас директоры қызметін атқарады. Ол сондай-ақ Республикадағы топырақтану және агрохимия аясындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының ғылыми жетекшісі және топырақ ресурстары мен топырақ құнарлығын басқарудың үйлестірушісі. Ол Орталық Азияның (Алматы) құрғақ жерлеріндегі экожүйеге климаттың өзгеруінің әсерін зерттеу атты Қазақстан-Қытай халықаралық жобасының тең жетекшісі және топырақ ресурстарын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен топырақтың құнарлылығын басқару жүйесінің үйлестіруші, сонымен бірге топырақтану және агрохимия ғылымдарының дамуының ұйымдастырушысы және бас менеджері.
А.Сапаров Ө.О.Оспанов атындағы Қазақтың топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты жанындағы 03.00.27-биологиялық және ауылшаруашылық ғылымдарының аясындағы топырақтану мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғауда диссертациялық кеңестің төрағасы болды (2004-2011). Сол кезде диссертациялық кеңесте 5 докторлық және 15 кандидаттық диссертация қорғалды, соның ішінде 3 докторлық және 12 кандидаттық жұмысты Институт қызметкерлері қорғады.
А.Сапаров өзінің ғылыми жұмыстарының негізінде 450-ден аса ғылыми жұмыстарды жариялады, оның ішінде 115 жақын және алыс шетелдерде, 15 монография, кітап пен оқу құралдары, өндіріске 20 ұсыныс, 15 инновациялық патент, 8 авторлық күәлік, 3 авторлық құқық бар. А.Сапаровтың жетекшілігімен аграрлық білім беру және ғылым аясында қызмет атқарып жүрген жетекші мамандардың 7 кандидаттық, 5 докторлық және 10 магистрлік диссертациясы қорғалды.
Сапаров Абдулла ғылыми-өндірістік, педагогикалық және қоғамдық қызметі міндетінде қоғамдық жұмыстарға көп көңіл бөледі. Ол 15 жылдың арасында халықтық депутаттардың жергілікті органдардың 5 шақырылымында депутаттыққа сайланды және Алматы облысының Қарасай ауданында жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға және Қайнар ауылының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосты.
1998-2003 жылдар аралығында ауыл шаруашылық және ветеринария ғылымдарының ҚР ЖАК-ң ғылыми хатшысы және эксперт Кеңесінің мүшесі болды.
2000-2003 жылдар арасында «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», «Жаршы», «Новости науки Казахстана» журналдарының редколегиясының мүшесі.
2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін тәуелсіз эксперт, 2001-2003 жылдар және 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін ауыл шаруашылығы бойынша ҚР Үкіметінің жанындағы ЖҒТК-тің секция мүшесі.
2005 жылдан ҚР АШМ НТС-тің жер игеру, өсімдіктану және орман шаруашылығы секциясының мүшесі, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Биологиялық зерттеу орталығы» ҒТК-тің мүшесі.
2000 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының «Орта Азиядағы өндіріс жағдайында ауылды су ресурстары мен топырақ құнарлығын тиімді басқару жолымен әлеуметтік жағдайын басқару» жобасының ұлттық үйлестірушісі (ИКАРДА).
2007 жылдан (CACILM — ИКАРДА) Қазақстан Республикасынан «Орталық Азиядағы жер ресурсын тұрақты басқару бойынша зерттеу» халықаралық жобасының ұлттық үйлестірушісі.
2014-2016 жылдары тәуелсіз эксперт, ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.
Ресей ҒА СБ-нің құрметті докторы (2009), «Топырақтану, агрохимия және экология қоғамының» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2008 ж.б.); ауыл шаруашылығындағы табиғи рестурстарын үйлестіретін кеңестің төрағасы, (2008-ші жылдан бері, ж.б.); «Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертиза Ұлттық орталығы» АҚ «Табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, шикізат және өнімді өңдеу» приоритетінің Ұлттық ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары (2014-2016), «Топырақтану және агрохимия» жұрналының бас редакторы (2007-ші ж.б.), «Жаршы» (2000-ші ж.б.), «Проблемы агрохимии и агроэкологии» (2006-ші ж.б.) Мәскеу, «Земледелие» (2013-ші ж.б.) Мәскеу, «Агралық сектор ҚР ҚҒА хабаршысы» (2015), Омбы мемлекеттік университетінің «Жарсшысы» (2016) жұрналдарының редакция коллегиясының мүшесі, «Агрохимэкосодружество» президиумының мүшесі (2006-ші ж.б.) Мәскеу, Турция, Россия, Азербайджан және Казахстан елдерінің халықаралық топырақтану қоғамының тең төрағасы (2010-ші ж.б.), Азербайджан топырақтану қоғамының мүшесі (2012-ші ж. Б.), Евразиялық топырақ әріптестігінің мүшесі (2013-ші ж.б.), ФАО-ның Жаһандық топырақ әріптестігінің мүшесі (2014-ші ж.б.), ИКАРДА-ның басқару комитетінің мүшесі (2014-ші ж.б.), 2010-ші жылдан бері Орталық Азияның (Алматы) құрғақ жерлеріндегі экожүйеге климаттың өзгеруінің әсерін зерттеу атты Қазақстан-Қытай халықаралық жобасының тең жетекшісі, 2015-ші жылдан бері Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры, 2015-ші жылдан бері «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы.
Бірнеше рет Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-ның қоғамдық ұйымдарын басқарды және аудандық және облыстық профсоюз комитетіне мүшелікке сайланды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1990 жылғы 13 маусымдағы қаулысымен Қазақ ССР Жер кодексының жобасын толықтыруға қатысты.
Мәскеу қаласы (1976) Кремлде Қызыл Ту-дың қасында суретке түсу абройына ие болды және ҚР-ның халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің дипломымен марапатталды. Ол ғылым мен техниканың дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін Мемлекеттік ғылыми степендиясының степендиаты (2000-2001), аграрлық ғылым аясындағы А.И.Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты (2001), Д.Н.Прянишников атындағы Бүкіл Ресейлік агрохимия ҒЗИ-ның «Құрметті агрохимик» медалімен марапатталды (2007), ҚР АШМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды (2008). ҚР ҰҒА құрмет грамотасымен марапатталды (2015), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі болып сайланды (2009). Орталық Азия және Закавказья құрғақ жерлердегі ауыл шаруашылығы ізденістерінің халықаралық орталығына 10 жыл медалімен (2009). Монголияның Убсу-Нур аймағының құрметті азаматы (2010). ҚР ҰҒА құрметті мүшесі (2014). Орден «Кұрмет» (2014). ХҚР (СУАР) «Тянь-Шань» сыйлығының лауреаты (2014).
Оның басшылығымен Бүкіл Әлемдік Банкпен, Азиялық Даму Банкімен, Варшава Университетімен, INCO, CACILM, ИКАРДА (МНТЦ) Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен бірлескен зерттеулер жүргізіледі.
Оның басшылығы кезінде Институт Халықаралық қордың «Іскерлік тәжірибедегі жоғарғы сапа үшін» алтын медалімен марапатталған. 10 Халықаралық конференция жүргізіліп, 10 монография, 6 кепілдеме, топырақтану ғылымының 100 жылдық даму кезеңін қамтитын «Қазақстанның топырақтанушы ізденушілері» атты энциклопедиалық анықтамалық-кітабы шығарылды, сондай-ақ «(күріш) Өсімдіктің өсуі мен дамуына топырақасты қыртысы суының әсерінің заңдылығы» ғылыми жаңалығы (Диплом №371 20 ақпан 2009) Халықаралық авторлар мен өнертапқыштар академиясының қаулысымен тіркелді.
А.Сапаров алыс және жақын шет мемлекеттердің ҒЗИ-мен бірлескен жұмысына белгілі үлес қосты. Оның басшылығымен Ө.О.Оспанов атындағы Қазақтың топырақтану және агрохимия ҒЗИ-ты Орта Азия Республикаларының Институттарымен, Ресей Федерациясымен, Украина, Польша, Беларусь Республикасымен, ҚХР ҒА-ның экология және география институтымен, ҚХР ҒА-ның топырақтану және агрохимия және ҚХР ҒА-ның аграрлық Университетімен келісім шарт жасасты, сондай-ақ ҚХР ҒА-ның экология және география Институтымен Орта Азияның қуаң зонасының топырақ қыртыстарында өзгерістер заңдылығын меңгеруде бірлескен жұмысына келісім шарт жасалып, Шығыс және Орта Азияның (ШОС) тұрақты дамуы мен қоршаған орта, ресурстар туралы ғылыми-зерттеу орталығын құру материалдары дайындалды.
А.Сапаров бірнеше рет Алматы қаласының таза сарқынды суды тиімді пайдалану сұрақтары, қоршаған ортаны қорғау және көміртекті топыраққа жинақтау мәселесі, топырақты тиімді пайдалану, топырақтың экологиясы және топырақтың құнарлылығын жаңғырту проблемалары бойынша әртүрлі халықаралық форумдарда, симпозиумдар мен конференцияларда (АҚШ, Қытай, Сирия, Польша, Израиль, Түркия, Китай, Германия, Жапония, Ресей Федерациясы, Италия, Азербайджан, Өзбекистан, Таджикистан, Армения, тағы басқа елдерде) баяндамалар жасады.
2009 жылы А.Сапаров Токиалық Интелектуалды диалогта (Орта Азия және Жапония) «Орталық Азиядағы топырақты қорғау аясында достастық және Орталық Азияның қоршаған ортасына климаттың өзгеруінің әсері мен бақылау шаралары» сұрақтарымен 2 секцияда доклад жасады.
Жапон елшілігі тарапынан Сыртқы Істер Министрлігі атына Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және Ауыл шаруашылығы министрлігіне 27 қаңтар 2009 жылы №МД-8/4 нотасы бойынша арнайы бағытталған оң пікірлер алды.
Сапаров Абдулла 40 жылдан аса ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін агротехникалық жолдар мен минералды қоректік заттарды пайдалану жағдайына байланысты жер құнарын сақтау, дақылдардың сапасын, ауыл шаруашылық дақылдардың өнімін арттыру және өндіріске жаңа инновациалық технологияларды ендіру проблемаларымен айналысқан республикадағы агрохимия және топырақтану саласындағы көрнекті ғалым.

            Профессор А.Сапаров шығармашылық идеялар мен энергияға толы, оның өмірлік ұстанымы – мейірімділік, қажырлы еңбек, еліміздің аграрлық ғылым аясында, оның ішінде топырақтану мен агрохимияның өзекті міндеттерін шешуде ғылыми ізденістері мол.